ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Талдықорғанда ұнтақтау шарларын шығаратын зауыт салынады

0
Астанада Қазақстанның тау-кен өндірісі үшін айтулы оқиға болды: мыс өндірісімен айналысатын KAZ Minerals компаниясы ұнтақтау шарларын шығаруда әлемдегі көшбасшы саналатын чилилік ME Elecmetal компаниясымен оффтейк-келісімшартқа қол қойды. Келісім бойынша Талдықорғанда ұнтақтау шарларын шығаратын заманауи зауыт салу қарастырылған.
Жаңа зауытты іске қосу 2028 жылға жоспарлануда. Оның қуаттылығы жылына 150 мың тонна ұнтақтау шарларын өндіруге жетеді. Жобаның жалпы инвестициялық құны шамамен 85 миллион АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынның ашылуы 100-ге тарта жаңа жұмыс орнын ашып, өңірдің өндірістік әлеуетін күшейтуге және мемлекеттік бюджетке түсетін кірістің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

KAZ Minerals Тобы жыл сайын 70 мың тоннаға жуық ұнтақтау шарларын тұтынады, және оған шамамен 100 миллион АҚШ доллары жұмсалады. Бүгінге дейін Қазақстанда дәл осы сападағы ұнтақтау шарлары шығарылған жоқ. Сол себепті KAZ Minerals Тобы осы саладағы әлемдік көшбасшы ME Elecmetal компаниясының өнімін қолданып келді. Енді жаңа зауыт ішкі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығаруға да жол ашады.


"KAZ Minerals Тобы қашанда өндірістегі әрбір кезеңнің тиімділігін қамтамасыз етуге сеп болатын озық шешімдерді пайдалануға ұмтылады. Сапалы ұнтақтаушы шарларды қолдану – біздің тау-кен байыту кешендеріміздің жұмысында шешуші фактор болып саналады. 2023 жылы біз әртүрлі компаниялардың өнімдерін қолдану арқылы ауқымды тәжірибе жұмыстарын жүргіздік. Сынақтар нәтижесінде ME Elecmetal шығарған өнім барлық жағынан тиімділігін көрсетті. Талдықорғандағы зауыттың ашылуы біздің Топты жоғары сапалы шарлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның өнеркәсібін дамытуға да үлес қосарына сенімдіміз, – дейді "KAZ Minerals Management" ЖШС Басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.


Талдықорғандағы ұнтақтаушы шарларды өндіретін зауыт салу жобасы - KAZ Minerals компаниясының тиімділік пен бәсекелестікті арттыру стратегиясындағы тағы бір маңызды қадамы. Жаңа кәсіпорын қосылған құн тізбегіндегі маңызды элемент болу арқылы Қазақстанның өндірістік әлеуетін арттырып, оның әлемдік тау-кен өндірісіндегі орнын нығайтуына жол ашпақ.