ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" Алматыдағы 6-8 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы ауа райы болжамы

6 наурызда Алматыда ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +8...+10°C.

7 наурызда ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы 0°C шамасында, күндіз +4...+6°C.

8 наурызда да ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -0...-2°C, күндіз +3...+5°C.

Астанадағы ауа райы болжамы

6 наурызда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Боран, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -6...-8°C, күндіз 0°C шамасында.

7 наурызда ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -3...-5°C, күндіз -0...-2°C.

8 наурызда ауыспалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -5...-7°C, күндіз -0...-2°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!