8 наурызға орай демалыс қай күнге ауыстырылды?
2025 жылы Халықаралық әйелдер күні сенбіге сәйкес келеді, яғни қазақстандықтар қосымша демалыс күн алады. Ережелерге сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, 10 наурызға ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Наурызда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі:
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);
Наурыз мейрамы (21-23 наурыз).
2025 жылғы наурызда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 14 күн, ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады.Қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 наурызға ауыстырылады.
бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз - демалыс күндері;алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз - демалыс, ал 10 наурыз - жұмыс күні.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!