ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Есірткі, қару-жарақ, оқ-дәрі: ҰҚК Шекара қызметі заңбұзушылықтарды анықтады

0

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылғы ақпандағы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шекараны бұзғаны үшін 18 шетел азаматы, шекараны бұзуға әрекеттенген 8 шетел азаматы жауапқа тартылған.

"ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы ақпанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 3 216 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды, соның ішінде: 18 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды; 8 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді. Мемлекеттік шекара арқылы 1 552 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде: 33 – есірткі заттары, сондай-ақ 800 литр прекурсор; 71 – қарулар мен оқ-дәрілер (4 дана ату, 1 дана сигналдық, 135 дана суық қарулары, 1 дана граната, 50 дана оқ-дәрілер, 13 дана электрошокерлер); 29 – діни әдебиет (555 дана); 638 – жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (54 000 литрден астам); 627 – жалпы сомасы 3,7 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары; 154 – жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгеден астам шетел валютасы", - делінген хабарламада.

Каспий акваториясында 7 браконьерлік фактілерінің алды алынған, сондай-ақ: 4 дана жүзу құралдары; жалпы ұзындығы 13,6 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 87 дана (522,3 келі) бекіре тұқымдас балықтар; алды алынған залал сомасы 205 миллион теңге болады.

"Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламаасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!