Трамптың жарлығымен ағылшын АҚШ-тың ресми тілі болып бекітілді
АҚШ президенті Дональд Трамп ағылшын тілін АҚШ-тың жалғыз ресми тілі ретінде танитын жарлыққа қол қойды.
Бұрын АҚШ-та федералдық дәрежеде «ресми тіл» болмаған. Ағылшын тілі Американың 32 штатында ғана ресми тіл ретінде танылған еді.
Трамптың бұйрығы президент Билл Клинтон кезіндегі агенттіктер мен басқа федералдық қордың есебінен қаржы алушылардың ағылшын тілін білмейтіндерге тіл көмегін көрсетуі туралы федералдық талапты жояды.
The New York Times қазіргі жарлықты АҚШ-та қос тілде білім беруді шектеп, иммиграцияны азайту үшін күресіп келе жатқан «Тек ағылшын тілі» қозғалысының жеңісі деп бағалайды.
Құжатта ағылшын тілін ресми тіл деп тану «бірлікті нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады және азаматтық белсенділікке жол ашады» деп жазылған.
Трамптың жақтастары бұйрықты жылы қарсы алды.
«Бұл үлкен қадам. Жаппай иммиграция дәуірінде ағылшын тілін Американың тілі деп тану ұлттық бірлік барынан хабар береді», - деп жазды консервативтік бағыттағы саяси белсенді Чарли Кирк әлеуметтік желіде.
Өкілдер палатасындағы конгресмен, демократ Хаким Джеффрис Трамптың көптеген бұйрығы сияқты, осы бұйрықты да АҚШ заңдары мен Конституциясына сәйкестігін тексеру қажет екенін атап өтті. Егер қандай да бір сәйкессіздік анықталса, қаулыға қатысты сотқа шағым түсіру керек деді.
United We Dream жастар тобы АҚШ-тың тұтас тарихында ешқашан ресми тіл болмағанын атап өтті.
"Сыпайы түрде "керегі жоқ, рахмет" деп бас тартамыз. Трамп әртүрлі тілдерде сөйлейтін қара және ақ емес иммигранттар мен қауымдастықтардың арқасына нысана салып қойғысы келеді", - деді топтың баспасөз хатшысы Анабель Мендоза.
Ақпаратқа қарағанда, АҚШ-та ең көп таралған тіл - бұл елдегі 245 миллион адам сөйлейтін ағылшын тілі. Екінші орында 42 миллион адам сөйлейтін испан тілі тұр. Қолданылуы бойынша үшінші орында бірнеше негізгі диалектісі бар қытай тілі (3,4 миллион) тұр.
20 қаңтарда Трамптың инаугурациясынан кейін Ақ үйдің сайтынан оның сөзінің испан тіліне аударылған нұсқасы алынып тасталған.