ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2025
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Израиль Рамазан айында Газада атысты тоқтатуға дайын

0
Израиль АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткоффтың мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы мен еврейлердің Песах діни мейрамы кезінде Газа секторында атысты тоқтату режимін ұзарту туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы Израиль үкіметі хабарлады.


Осы уақыт аралығында Израиль билігі Газа секторындағы жағдайды реттеу үшін (АҚШ пен Еуропада лаңкестік топ деп танылған) ХАМАС тобымен келісімнің келесі кезеңінің жай-жапсарын пысықтауы керек.


Уиткоффтың ұсынысы бойынша, ХАМАС тұтқында қалған адамдардың жартысын – келесі кезеңнің басында, қалғанын - соңында босатып, қаза болғандарының мәйітін Израиль жағына тапсыруы керек. 


Қазіргі уақытта Газа секторында 2023 жылы 7 қазанда тұтқындап әкетілген 59 адам бар. Олардың кем дегенде 35-і қайтыс болған. Болжам бойынша, екі тірі адам және үш мәйіт Израиль азаматтары емес. Өз кезегінде Израиль түрмеден жүздеген палестиналықты босатады. 


ХАМАС бұған дейін Израильдің бітімгершілік жоспарының бірінші кезеңін ұзарту туралы ұсынысын қабылдамаған және кепілге алынғандарды босатумен қатар, Газа секторынан Израиль әскерін шығаруды қарастыратын екінші кезеңге бірден өтуді талап еткен. 


Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айы өткен жұмада басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. Песах мейрамы биыл 19 сәуірге тұспа-тұс келеді.



15 қаңтарда Израиль және ХАМАС араағайындық жасаушы елдердің көмегімен  Газада атысты тоқтату және Израиль түрмелерінде отырған екі мыңға жуық палестиналықты ХАМАС тұтқындаған азаматтарға айырбастау туралы келісім жасасқан. 
2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС-тың Израильге шабуылының салдарынан 1200-ге жуық адам қаза болып, 250-ге жуық адам тұтқынға алынған еді. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторында әскери операция бастады, ХАМАС бақылауындағы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газада 45 мыңнан астам адам қаза болған.