ru24.pro
World News in Kazakh
Март
2025
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл

0

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл. Жүзден астам этностар басын бір арнаға тоғыстырған еліміздегі іргелі институт бүгінде тұрақтылық пен тыныштықтың тірегіне айналып, этносаралық татулықты қамтамасыз ету сынды бірқатар маңызды миссияны атқарып келеді.


Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында дәл бүгін еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар легі көрініс табуда.
Атаулы мерейтой және Алғыс айту күніне орай бүгін Достық үйінде ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің, сондай-ақ, өңірлік мәслихат, партия филиалдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар, облыстық ҚХА мүшелері, құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің және қала тұрғындарының қатысуымен салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысын облыстық «Радонеж» Орыстар қауымдастығының «Веснушки» қасықшылар және «Жетігеншілер» аспаптық ансамбльдерінің сүйемелдеуімен ҚХА Ардагерлері мен мүшелері, құрылымдары қарсы алып, тайқазанға толы дәм ұсынылды.

Сообщение Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.