ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025

Алматыда қай арнаулы ХҚКО-лардан мопед жүргізшілеріне куәлік алуға болады?

0

Полиция мопед жүргізушілеріне жүргізуші куәлігін қалай алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының Процессинг Орталығы хабарлағандай, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтар Алматы, Саялы шағынауданы, Аққайнар көшесі 1-дегі №1 және Алматы, Кемел шағынауданы Ақсуат 18-дегі № 6 мамандандырылған ХҚКО-на хабарласа алады.
"А1" санатындағы жүргізуші куәлігін беру білім беру ұйымдарында оқуды аяқтағаннан кейін және Алматы қаласындағы көрсетілген Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.
Алматыда "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелері бойынша тәжірибелік емтихан Алматы қаласындағы №1 Мамандандырылған ХҚКО-да және №6 Мамандандырылған ХҚКО-да (мекенжайлары жоғарыда көрсетілген) өтеді.
Алматыда тәжірибелік емтихан тек көрсетілген Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарының автодромдарында Стелс Скиф 50 және JiLang мотокөліктермен өткізіледі.

"Осы жылдың 5 сәуірінен кейін уәкілетті органда тіркеуден өтпеген және "А1" санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ мопед жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 2-1-бөлігі, 612-бабы және 797-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!