ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28

Қар жауады: Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" Алматыда 26-28 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

26 ақпан – күн бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауады. Көктайғақ, кешке тұман түседі. Солтүстік-батыс желі 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде 0-2°C, күндіз 6-8°C жылы.

27 ақпан – ауа райы құбылмалы, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 5-10 м/с. Температура түнде 5-7°C суық, күндіз 0-2°C жылы.

28 ақпан – ауа райы құбылмалы, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Температура түнде 7-9°C суық, күндіз 0-2°C жылы.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

26 ақпан – күн құбылмалы, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ, кей жерлерде тұман. Күндіз боран күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 4-6°C суық, күндіз 0-2°C жылы.

27 ақпан – күн құбылмалы, түнде қар жауады, боран күтіледі. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Температура түнде 11-13°C суық, күндіз 6-8°C суық.

28 ақпан – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Температура түнде 15-17°C суық, күндіз 6-8°C суық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!