ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28

Қырғызстанда премьера болатын күні қазақстандық "Рэкетир: Жаңа кезең" фильмі прокаттан алынды

0
Қырғызстандағы "Синематика" кинотеатрлар желісі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир: Жаңа кезең" фильмі прокаттан алынғанын хабарлады. Компания мұндай шешімге не түрткі болғанын түсіндірмеді. 


Фильмнің жабық көрсетілімі 19 ақпанда өткен. Ал 20 ақпанда әлеуметтік желілерде фильмнің командасы мен Руслан Қамшының бірге жүрген видеосы тарады. 


Руслан – қылмыс әлеміне танымал Қамшы Көлбаевтың ұлы, Көлбаев 2023 жылғы күзде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнайы операциясы кезінде қаза болған.


Бұл оқиғаның фильмді прокаттан алып тастауға қатысы бар-жоғы ресми түрде айтылмады.


"Рэкетир 3" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Саят Исембаев видео жариялап, "Руслан Қамшының фильмге қатысы жоқ, ол жабық көрсетілімге басқалар сияқты шақырылды" деп мәлімдеді. Актер Қырғызстан билігін фильмді көрсетуге рұқсат беруге үндеді, Исембаевтың пікірінше, қырғыз халқы бұл фильмнің шыққанын күткен.


"Рэкетир: Жаңа кезең" фильмі прокаттық төлқұжатты ақпан айының басында алған. Фильмнің премьерасы Қырғызстанда 20 ақпанда өтуі тиіс болған. Қазақстанда аталған фильмнің премьерасы 13 ақпанда өтті. Ақпарат құралдарының жазуынша, алғашқы үш күнде кинокартина рекордтық 657 млн теңге ($1,3 млн) жинаған.