ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28

Лифтідегі шабуыл: жасөспірімге қандай жаза төніп тұр?

0

Астананың тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімге қандай жаза төніп тұрғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті Нұра ауданының полиция басқармасы Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына жауап ретінде Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған, сол сияқты қылмыстық топ жасаған бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Бұл баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Еске салайық, 2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Дәрігерлер алғашында оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!