ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Мас күйде көлік тізгіндегені үшін жазаны жеңілдету: сенатор даулы ұсынысқа пікір білдірді

0

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, сенатор Марат Қожаев мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету туралы Мәжіліс депутаттарының ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қожаевтың сөзінше, бұл бастаманың тарихы әріде жатыр.

"Ол кезде ішкі істер органдарда жұмыс істегенім есімде. Алдымен жүргізуші куәлігінен бір жылға айырды, жаңылмасам, кейін екі жылға, содан кейін мерзім 5-7 жылға дейін жалғасты. Бұл жайдан жай қабылданған жоқ. Ереже бұзу тоқтамады, жұрт мас күйде көлік жүргізді, ірі жол апаттары болды, халықтың денсаулығына, өмірі мен мүлкіне зиян келді", - деді Қожаев Сенат дәлізінде.

Ол мұндай шешім жағдай күрделене берген соң қабылданғанын айтты.

"Біріншіден, қоғам өзгеріп жатыр. Техникалық құралдар да өзгереді, олардың көмегімен заңбұзушылықтар тіркеледі, ақпараттық және түсіндіру жұмыстары жақсарады. Сондықтан мұны талқылауға болатыны түсінікті, өйткені бұл өмірде ештеңе мәңгі емес. Бұл тұста екінші жағы бар: 7 жылға құқығынан айырылған кейбір адамдар бізге шағынады, өйткені олар мамандығымен жұмыс істей алмайды. Егер ол адамның мамандығы жүргізуші болса және жазаланса, отбасын асырап, ақша табуы керек қой. Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: 7 жыл тым көп емес пе? Олар бізге жазады, маған да бірнеше өтініш түсті. Жұрт "жазамызды алдық, 15 күн отырдық, өз кінәмізді түсіндік" дейді. Мерзімін қысқартуды сұрайды", - деді сенатор.

Ол мұндай шаралар заңбұзушыларды тәртіпке шақыру қажет болған кезде, қиын жағдайда қабылданғанын айтты. Содан кейін қатаң нормалар енгізілген.

"Бұл туралы көптеген өтініш түсіп жатыр. Негізгі себеп: жұрт отбасын асырау мүмкіндігінен айырылған. Сондықтан Мәжілістегі әріптестеріміз бұл мәселемен айналысып жатыр. Сенатқа түскен кезде біз де талқылаймыз", - деді Қожаева.

Айта кетейік, кеше Мәжіліс депутаты Николай Арсютин мас күйінде көлік айдағаны үшін жазаны қысқартуға шақырып, бұл әлемдегі ең қатал шаралардың бірі екенін мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!