Қазақстанға интернет-алаяқтық жасау мақсатында келген шетелдік ұсталды
Қостанайда интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдік азамат тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, сим-бокстардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. Рудныйда жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көрші мемлекеттің азаматы ұсталды.
"Тексеру нәтижесінде оның Қазақстанға алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында арнайы келгені анықталды. Жедел уәкілдер күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтарды тапты. Оның ішінде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге пайдаланылған SIM-бокс құрылғысы, интернет-маршрутизатор, екі IMEI коды бар ұялы телефон, қазақстандық ұялы операторлардың 1200-ден астам SIM-картасы, сегіз банктік карта және авиабилеттер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Күдікті SIM-боксты басқару үшін Telegram мессенджері арқылы белгісіз "кураторлардан" нұсқаулар алып отырғаны анықталды.
"Ол осы әрекеттері үшін күн сайын 200 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат Рудный қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!