ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстанда балық жаппай қырылған видео тарады. Ауыл шаруашылығы министрлігі не дейді?

0
Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында балықтар жаппай қырылғаны туралы видео таралып жатыр. Бұл ақпаратқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Instagram-да "Қазақстан ЗКО Оральск" деген жазуы бар видео пайда болды. Кадрларда мұздың астындағы қатып қалған балықтар көрсетілген.

"Қараңыздар, екі күн бұрын мұнда су болған, тірі балықтар жүрген, шортандар. Міне, қаншама балық", – дейді кадр сыртындағы дауыс.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ben Ben (@erkinbalgaziev)


Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Жайық-Каспий су шаруашылығы бассейні инспекциясы бұл видеороликтің 14 ақпанда Telegram-да жарияланғанын және шын мәнінде Ресейдің Астрахань облысында түсірілгенін анықтаған.

"БҚО аумағындағы су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 30-40 сантиметрге жетеді, ал видеодағы климаттық және ауа райы жағдайлары мүлдем өзгеше. БҚО балық инспекциясы басқармасының мамандары облыс аумағындағы су айдындарында күнделікті бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді комитет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!