Көктайғақ және тұман: Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" Алматыдағы 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
19 ақпан – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +4...+6°C.
20 ақпан – күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.
21 ақпан – күн құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!