ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

КҚК-ға жасалған шабуыл: қазақстандық мұнайды айдау 30 пайызға төмендеуі мүмкін

0

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) "Кропоткинская" ірі мұнай айдау станциясына жасалған дрон шабуылы салдарынан Қазақстаннан мұнай айдау көлемі шамамен 30 пайызға төмендеуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік "Транснефть" компаниясының мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәлімдемеде шабуыл станцияға үлкен зақым келтіргені айтылады: шатыр опырылған, жабық тарату құрылғысы, газ қондырғысы зақымданған, кабельдер мен кабельдік эстакада, су резервуарына зақым келген, екі трансформатор, сүзгілер және өрт сөндіру жүйесі жойылған.
Болған жағдайға байланысты "Кропоткинская" шұғыл түрде тоқтатылды. "Теңіз-Новороссийск" мұнай құбыры арқылы мұнайды тасымалдау уақытша ЖЗҚ-ны айналып өтіп, апат жағдайындағы схема бойынша жүзеге асырылады.

"КҚК мамандарының пікірінше, соққы салдары 1,5-2 ай ішінде жойылады, бұл Қазақстаннан мұнай айдау көлемі шамамен 30 пайызға төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстанның Энергетика министрлігі әзірге пікір білдірмеді.
Еске салайық, 2025 жылғы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын Ресей Федерациясындағы "Кропоткинская" ЖЗҚ шабуылға ұшырады. Шабуылдан зардап шеккендер жоқ.
Станция қаншалық зақымға ұшырағанын және қалпына келтіру мерзімдерін бағалау үшін КҚК бас директоры Николай Горбан бастаған басқарушы топ оқиға орнына келді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!