ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Кептеліс мәселесін шешу үшін Алматыға зияткерлік көлік жүйесі енгізіледі

0

Алматыға зияткерлік көлік жүйесі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары барысында цифрлық технология саласындағы көшбасшылардың бірі Inspur Group басшылығымен кездесті.

"Тараптар қалалық инфрақұрылымды цифрландыру және көлікке арналған ақылды шешімдерді енгізу бойынша ынтымақтастықты талқылады.
Inspur Group Алматыда көлік басқарудың командалық орталығын құрып, зияткерлік көлік жүйесін (ITS) енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жол қозғалысын үйлестіруді жақсартуға септігін тигізеді", -делінген хабарламада.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау және су ресурстарын қорғау салаларын қамтитын ғылыми-зерттеу орталығын ашу мәселесі қарастырылып жатыр.
Inspur Group — ақылды қалалар, қозғалысты басқару жүйелері, салықтық бақылау және цифрлық білім беру технологияларын әзірлеуші. Компанияның шешімдері 120-дан астам елде қолданылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!