Тоқаев Иорданияға ресми сапармен барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақодаға сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады", - делінген хабарламада.
Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!