ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Сарапшылар Астанадағы көлік ағыны ең көп қиылыстарды атады

0

Sergek ITS сарапшылары Астанадағы көлік жүктемесі жоғары қиылыстарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зерттеу барысында қиылыстардың жүктемесі келесі параметрлер бойынша бағаланған:

қозғалыс қарқыны (қазіргі жүктеме мен максималды өткізу қабілетінің қатынасы);қиылыстағы ағынның орташа жылдамдығы;қиылыстағы көлік кезектерінің ұзындығы;жолдардың жүктеме деңгейі;кептелістің жүйелілігі;кептелістің ұзақтығы.

Зерттеу нәтижелері бойынша қаладағы ең көлік ағыны көп қиылыстар мыналар болып шықты:

Тұран даңғылы – Қорғалжын тасжолы;Достық көшесі – Ақмешіт көшесі;Тұран даңғылы – Сарайшық көшесі;Достық көшесі – Түркістан көшесі;Сарайшық көшесі – Ақмешіт көшесі;Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі;Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшесі;Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі;Достық көшесі – Сауран көшесі;Қонаев көшесі – Түркістан көшесі;Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы;Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы көшесі;Кенесары көшесі – Жеңіс даңғылы;Республика даңғылы – Сейфуллина көшесі;Валиханов көшесі – Сейфуллина көшесі.

Сарапшылардың айтуынша, осы учаскелерде жиі кептеліс болады, бұл қалада қозғалысты қиындатып, жүргізушілердің уақытын ұзартады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!