ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Салықтан түсетін қаржы бюджет дефицитін толтырмайды - Вице-премьер Жұманғарин

0

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Massaget.kz Youtube арнасына берген сұхбатында қосымша құн салығынан жиналатын қаражат бюджет тапшылығының орнын қаншалық толтыратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қосымша құн салығының мөлшері 16 пайыз деп жария етілді. Бұл Үкіметтің соңғы шешімі ме? Салықтан жиналған қаражат бюджет тапшылығын жаба ма? Ауыл шарушылығы салықтан мүлдем босатылса, азық-түлік бағасы арзандай ма? Салықшылар құзіреті қалай күшейтіледі? Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы неге төмендеп кетті? Осы және ел экономикасының ахуалына қатысты сауалдарға премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Massaget.kz Youtube арнасына берген сұхбатында жауап берді.
Сұхбаттың видео нұсқасын Massaget.kz Youtube арнасынан көре аласыздар.

Серік Жұманғариннің сөзінше, қосымша құн салығынан жиналатын қаражат көлемі бюджет тапшылығының жартысына тең.

"Біздің болжамымыз бойынша түсетін қаржы - 4-5 трлн теңге. Бюджет тапшылығы 10 трлн теңгеге жуық. Әрине, толтырмайды, жартысын жабады. Бюджет дефицитінің қалған жартысын қарыз алып жабамыз", - деді вице-премьер.

Серік Жұманғарин бюджет тапшылығын салықтан бөлек, тағы қандай жолмен толтыруға болатынын айтты.

"Біздің жағдайымыз жаман емес. Қазір 4 триллион болса да, ішкі жалпы өніммен есептегенде 2,7 пайыз. Ол деген өте аз. Әлемге қарағанда өте аз. Біздің Үкіметіміздің қарызға алғаны 23 пайыздан аспайды, ол өте аз. Мысалы, АҚШ-ты алсақ, оларда 130 пайыздан асып кеткен. Бірақ болашақта есептегенде мықты әсер етеді. Біз өзіміздің ішкі табысымызды, бизнесімізді дамытпасақ, оларға мүмкіндік бермесек, ертең біздің тапшылық арта береді. Мысалы, ертең Ұлттық қордың қаражаты бітеді. Қарыз алу мүмкіндігіміз бітеді, қарызға ешкім бермейді. Инвестиция болмайды, сосын не істейміз? Біз бүкіл әлеуметтік саладағы көмегімізді қысқартамыз. Не істесек те соған келеміз. Ол деген біраз мәселе болады. Мүгедектерге көмек, жетім балаларға көмек, әйелдерге, қарттарға, оны қалай қысқартамыз?!" - деді ол.

Материалдың мәтін нұсқасын толығырақ МЫНА ЖЕРДЕН оқуға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!