ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы тұншықтырған сәті видеоға түсіп қалған

0

Алматыда балабақша тәрбиеленушісіне қатыгездік көрсету оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бұл жолы жанжалдың ортасында - жеке балабақша. Онда тәрбиеші баланы тұншықтырған және ұрған. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жеке балабақша тәрбиеленушісіне жасалған зорлық-зомбылық бейнеленген видео пайда болды. Баланың анасы ұлының тәрбиеші ұрғанын айтып шағымданғанын жеткізді. Ата-аналар камералардан бейнежазбаны сұратып, көргендеріне таңғалған. Кадрларда тәрбиешінің баланың мұрны мен аузын қолымен жауып, оны тұншықтырғаны анық көрінеді.
Оқиға болған бөлмеде тағы екі балабақша қызметкері болған, бірақ олар жағдайға ешқандай реакция білдірмеген.
Камера кадрларын көргеннен кейін ата-аналар полицияға арыз жазған.

"Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасының бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!