Қазығұрттық үздік оқушылар табиғат аясында демалды
Қазығұрт ауданынан 50 үздік оқушы Төлеби ауданындағы "Тау самалы шаңғы базасында бір күндік демалыста болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл шара аудан әкімі Азизхан Әзімханұлының қолдауымен және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен өтті. Оқушылардың арасында республикалық, облыстық байқауларда топ жарғандар, спорт пен өнерде, сондай-ақ пәндік олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткендер бар.
Демалыс барысында оқушылар табиғат аясында серуендеп, аспалы жолмен тауға көтеріліп, шана және шаңғы теуіп, қысқы демалыстың ерекше сәттерін бастан өткерді. Өз әсерлерімен бөліскен қатысушылар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді. Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 10 "А" сынып оқушысы Руслан Рисбеков бұл саяхаттың өміріндегі жарқын сәттердің бірі екенін атап өтті.
"Табиғаттың тамаша сыйы – асқар таулар мен таза ауа. Бір күнімді "Тау самалында" өткізу бақытына ие болуым – өмірімдегі ең әсерлі сәттердің бірі. Осындай тамаша күнді ұйымдастырған "Жастар орталығының" қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Мен мектебімнің намысын қорғау үшін барымды салатын көшбасшылардың бірімін. Сонымен қатар, мектептің Ryskulov TV арнасының бас журналисімін, бірнеше аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазымын, мектептің ақпараттық білім министрі ретінде түрлі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысамын. Таңертең ерте жолға шықтық.Тауға көтерілген сайын табиғаттың ғажайып көріністері ашыла түсті. Айнала көк арықтардан сылдырлап аққан бұлақтар – бәрі де ертегі әлеміндей. Терең тыныстап, таза ауаның ләззатын сезиндим. Құстардың сайраған үні, жапырақтардың сыбдыры, алыстан күңгірлеген өзен дауысы – бәрі де ерекше күйге бөледі", - деп пікір бөлісті Руслан.
Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының 9 "А" сынып оқушысы Шалқар Асылзат сапардың қызықты әрі есте қаларлық болғанын алға тартты.
"Бұл демалыс бізге тамаша табиғатты тамашалап, жаңа достармен танысуға мүмкіндік берді. Мұндай шаралар жастардың өзара байланысын нығайтып, табиғат аясында демалуға мүмкіндік береді. Жастар орталығына осындай керемет мүмкіндік ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз", - деді ол.
11 "В" сынып оқушысы Шалқар Жұлдыз да саяхаттан алған әсерімен бөлісті.
"Бұл сапар мен үшін ерекше есте қалды. Біз керемет табиғат аясында уақыт өткізіп, қызықты әрекеттер жасадық. Осындай шаралар жастарға жаңа әсерлер мен қуаныш сыйлайды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!", - деді Жұлдыз.
Бұл бір күндік сапар оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, табиғаттың сұлулығын тамашалауға мүмкіндік берді. Қазығұрт ауданының "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырған мұндай шаралар жас буынның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырып, олардың белсенді өмір салтын ұстануына оң ықпал етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!