Қар және бұрқасын: 13-15 ақпанда Астанада ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 13-15 ақпан аралығында Астанадағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 ақпан – ауа райы құбылмалы, кей жерлерде аздаған қар жауады, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Түнде температура -13...-15°C, күндіз -5...-7°C суық болады.
14 ақпан – ауа райы құбылмалы, кей жерлерде аздаған қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан, 9-14 м/с. Түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C суық.
15 ақпан – Ауа райы құбылмалы, кей жерлерде аздаған қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан, 9-14 м/с. Түнде -7...-9°C, күндіз -3...-5°C суық.
Бұған дейін Қазақстанда қар, боран күтілетіні, ал күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатыны айтылды. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!