ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Меркі ауданында денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді

0

Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов ауылында көптен күткен фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді.

Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Шара барысында ауыл ақсақалы Советхан Әділбеков пен ардагер медбике Биғайша Еркебаева жаңа нысанның тұрғындар үшін маңыздылығын жеткізді.

Медициналық нысан бір уақытта 15 келушіні қабылдай алады. Ғимаратта акушерлік, қаралу, екпе егу кабинеттері, стерилизациялық бөлме, физиотерапия және басқа да қажетті медициналық бөлмелер қарастырылған. Барлық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Нысан “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Жоба құны 246 млн. теңге.

Ауыл тұрғындары жаңа медициналық нысанның іске қосылуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді. Жергілікті билік өкілдері ауылдық елді мекендерді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Сообщение Меркі ауданында денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.