ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алматының бұрынғы бас сәулетшісінің ісі: әкімдік 6 миллиард теңгені өндіруге талап арыз берді

0

Алматы әкімдігі өкілі бұрынғы урбанистика басқармасы басшысына қатысты іс бойынша айыпталушылар мемлекетке келтірген залал туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігінің өкілі бұрынғы бас архитектор Алмасхан Ахмеджанов пен тағы бірқатар айыпталушыға қатысты сот жарыссөздері барысында жалпы сомасы 6 миллиард 404 миллион теңгеден асатын залалды өтеу туралы азаматтық талапты жария етті. Айыпталушылардың екеуі – кәсіпкер Мұханбетәлі Шалқарбеков пен Берік Өскембаев өз үлесін өтеген, алайда қалғандары бұл міндетті орындаудан бас тартып отыр.

"10 эпизод бойынша Алматы әкімдігі атынан мемлекетке жалпы сомасы 6 миллиард 404 миллион теңге материалдық залал келтірілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 73-бабы талаптарына сәйкес, екінші эпизод бойынша (таунхаустар мен коттедждерді кадастрлық құнын төлемей заңсыз салу) Алмасхан Ахмеджановтан 102 миллион 947 мың теңге өндіріп алуды сұраймын. Сегізінші эпизод бойынша (сауықтыру орталығын салу үшін деп бөлінген жер учаскесі – еск.) Ахмеджанов пен Ардақ Самаметовтен (бұрынғы жер қатынастары басқармасының басшысы – еск.) бірлескен тәртіпте 74 миллион теңге өндіріп алуды сұраймын. Тоғызыншы эпизод бойынша (жер учаскелерін заңсыз алу – еск.) Ахмеджанов пен Самаметовтен мемлекет пайдасына 97 миллион теңге өндіріп алу қажет. Оныншы эпизод бойынша Самаметов, Алмазхан Бакиров және Ерлан Жармұханбетовтен 4 миллиард 199 миллион теңге өндіріп алуды сұраймын", – деді әкімдік өкілі.

Сондай-ақ, талап арызда басқа да эпизодтар көрсетілген, олар бойынша айыпталушылар әрқайсына шамамен 100 миллион теңгеден өтеуге міндеттелуі тиіс.
Айта кетейік, прокурор Алмасхан Ахмеджановқа орташа қауіпсіздік колониясында 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!