ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

АҚШ шекарасындағы заңсыз мигранттар лагерлерінде қазақстандықтар бар ма?

0

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонспаевтан АҚШ шекарасындағы заңсыз мигранттар лагерлерінде қазақстандықтар бар ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарларында қойылған сұраққа жауап берген ҚР СІМ өкілі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны туралы ақпараттың бар екенін айтты.

"Лагерьлерде Қазақстан азаматтары жоқ. Жақында ғана біздің елшілігіміз тиісті хабарлама жасады, онда осы ел аумағында заңсыз жүрген азаматтарға қатысты шаралар қабылданатыны айтылған. Тиісінше, бұл мәселені реттеу үшін шақыру жасалды. Мен нақты санын есіме түсіре алмаймын, бірақ барлық заңсыз жүрген азаматтарға ескерту жіберілді", – деді Қонспаев.

Оның айтуынша, Вашингтондағы Қазақстан елшілігі мен басқа да консулдық мекемелер АҚШ аумағындағы қазақстандықтардың есебін тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі елдегі миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Бұл шаралар шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған. Жаңа ережелер туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!