"Біткен жерім осы деп ойладым". Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалғандар мен ресми зерттеу қорытындысы
4 ақпанда Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеудің алдын ала қорытындысын жариялады. Былтыр 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы құлап, 38 адам қаза тапқан. Есепте көлік министрлігі мен ұшақ апатын зерттеу жөніндегі комиссия "ұшақтағы тесіктер сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді" деп жазған. "Азаттық Азия" редакциясы зерттеудің тезистерімен танысып, апаттан қаза тапқандардың отбасымен және тірі қалған жолаушылармен сөйлесті.