Алматыда жиһаз дүкені өртенді
Алматыда жиһаз дүкені өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖД мәліметінше, сағат 11:30-да тұрғындар Розыбакиев көшесіндегі "Уют" жиһаз дүкеніндегі өрт туралы хабарлаған. Қазіргі уақытта ғимарат электрден ажыратылып жатыр.
"Оқиға орнында ТЖД-ның 22 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылған. Өрт 12:07-де оқшауланды", – деп нақтылады ведомство.
Tengrinews.kz оқырманы оқиға орнынан видео жіберді.
ТЖД өкілдері өрт қаупі жойылғанын, бірақ ғимаратта қатты түтіндеу бар екенін атап өтті.
"Түтіннің концентрациясын төмендету үшін өрт сөндіру қызметінің түтінді жою техникасы жұмыс істеп тұр", – деп хабарлады Алматы ТЖД.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!