Ақтөбе облысында автотұрақ қызметкері кемпинг әкімшісін өлтірген
Ақтөбе облысы Хромтау ауданында адам өлімі бойынша тергеу үш күнде аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Хромтау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен "Заң және Тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында және жаза бұлтартпастығы қағидасы шеңберінде адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеп-тексеру үш күнде аяқталды.
"Былтырғы 8 желтоқсанда Хромтауда автотұрақ қызметкері кемпингтің әкімшісіне өткір затпен соққы жасап, салдары адам өліміне алып келді.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен "Адам өлтіру" соталды тергеп-тексеру басталып, процесс прокуроры тағайындалды", - делінген хабарламада.
10 жетоқсанда аудан прокуратурасымен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.
"Биыл 16 қаңтарда сот үкімі бойынша, Қ. деген сотталушы кінәлі деп танылып, аса ауыр дәрежедегі қылмысты жасағаны үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!