ҰҚК қазақстандықтардан тәркіленген қаруларды көрсетті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
"Нәтижесінде 8 "Калашников" автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. Көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Осы деректері бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!