ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы ірі өткізу пунктін уақытша жабады

0
Өзбекстан 5 ақпаннан бастап Қазақстанмен шекарадағы ірі "Гишткуприк" (Қазақстан жағында "Жибек Жолы" бақылау өткізу пункті) кеден бекетін төрт айға жаппақ. Бұл жөнінде Өзбекстанның кеден комитетіне сүйенген Gazeta.uz сайты жазды.


Бақылау өткізу пунктінде үш жылдан астам уақыттан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және алдағы төрт айда ол аяқталуы керек. Ақпаратқа қарағанда, бекеттің аумағы 1.5 гектарға кеңейіп, осылайша өткізу мүмкіндігі - 350-ден 1000 көлікке дейін, 30 мыңнан 50 мың адамға дейін ұлғайтылмақ.


Енді алдағы төрт айда жаяу жүргіншілер мен көліктер, автобустар жуырда ашылған "Науаи" бекеті арқылы өте алады. Екі бекет арасындағы қашықтық 20 шақырымға жуық.


Дегенмен "Науаи" бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған.


Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы 2356 шақырым. Екі ел арасында он шақты бақылау өткізу пункті бар.