ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Ресейде қазақстандықтарды алдап кеткен алаяқтар ұсталды

0

ІІМ ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасай отырып, іздеуде жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы, Мәскеуде 28 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол былтыр сәуір-қазан айлары аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан қымбат смартфондарды сату сылтауымен ақша алып, кейін ізін суытқан. Осылайша, ол жеті адамды алдаған. Шығын 32 миллион теңгеден асты.

Ресей Федерациясының Люберцы қаласында Шымкенттің полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Күдікті әйел 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін алдап сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген залал - 14 мың доллар.

2025 жылдың басынан бастап Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер табылды. Біздің еліміздің аумағында басқа елдердің құзыретті органдары үшін 44 қылмыскер ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!