Қазақстанда автогаз қымбаттады
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап энергетика министрлігінің бұйрығымен автогаз қымбаттады. Аймақта газдың бағасы 6 теңгеден 23 теңгеге дейін артқан. Бұл жөнінде Қазақпарат жазды.
Алматы мен Астана газ бағасы 13-18 теңгеге қымбаттап, 102 теңге болған. Шалғай аудандарда 107 теңгеге жетеді.
Өзге өңірлермен салыстырғанда Маңғыстауда газ "азырақ" қымбаттаған. Мұнда ол бұрын 59 теңге болса, қазір 65 теңге болған. Облыстың шалғай жерлерінде газ 70 теңгеге жетеді.
Бұған дейін энергетика министрлігі сұйытылған газдың бағасын өндірістің өзіндік құнына жақындату қажеттігін алға тартқан еді. Ведомствоның мәліметінше, осы уақытқа дейін айырмашылық 30 пайыз болған.
Ведомствоның түсіндіруінше, осының салдарынан өндіруші зауыттарда жоспарлы жөндеу және жаңату жұмыстарына қаражат жетіспейді. Ал сұйытылған газға сұраныс өскен: 2022 жылы 1.2 млн тонна газ тұтынылса, 2024 жылы 2,4 млн тонна болады деген болжам болған.