ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Экологиялық ахуал шарықтау шегіне жетті - депутат премьер-министрге жүгінді

0

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев премьер-министр Олжас Бектеновке Алматының проблемасына алаңдаушылық білдіріп, депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Пономаревтің сауалы Алматыдағы күрделі экологиялық жағдайға байланысты.

"Біз еліміздегі ең көрікті әрі жанға жайлы қалалардың бірі – Алматыны жоғалтқалы отырмыз. 2024 жылы экологиялық ахуал шарықтау шегіне жетті: Алматы әлемдегі ең ластанған мегаполистердің бестігіне енді. 120 ірі қаланың ішінде бесінші орынға тоқтап, ауа сапасы индексі бойынша антирейтингте көш бастады. Мұндай қауіпті көрсеткішпен қала тұрғындарына сыртта жүруді шектеу, ал сезімталдығы жоғары адамдарға күнделікті өмірде қорғаныс маскаларын тағу ұсынылады. Бұл – қазіргі заманғы мегаполис үшін жол беруге болмайтын жағдай", – деді Сергей Пономарев Мәжілістің пленарлық отырысында.

Депутаттың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауына сәйкес, ластанған ауа жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің ауруларына, соның ішінде инсульт, инфаркт, астма және өкпе қатерлі ісігінің дамуына ықпал етеді. Әсіресе балалар аса осал топқа жатады: лас ауа иммунитетті төмендетіп, өкпенің дамуын баяулатады және тыныс алу жүйесінің ауруларының қаупін арттырады. Бұл мәселенің шешілуін кешеуілдету миллиондаған азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Депутат мемлекеттің бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті: мегаполис толық дерлік газдандырылған, ал 2026 жылдың соңына дейін ЖЭО-2-ні газға көшіру жоспарланған. Алайда зиян қалдықтарды азайту шаралары әлі де жеткіліксіз. Мысалы, ең өткір мәселе – көліктерден шығатын газдардың көптігі.
Өз сауалында депутат бірнеше нақты талап қойды, соның ішінде:

6 ай ішінде Алматының толық картасын әзірлеп, ауа ластануының негізгі көздерін анықтау;
Алматыдағы экологиялық дағдарысты шешу бойынша ведомствоаралық жоспар әзірлеу, оның ішінде экологиялық таза отын түрлеріне көшу шараларын енгізу;
Экопосттарды жойып, дамыған елдердің тәжірибесі бойынша ауаға шығарылатын зиян қалдықтардың нормадан асуын тіркейтін және ең төменгі айыппұлды автоматты түрде салатын жетілдірілген бейнебақылау камераларын орнату.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!