ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Алматыда алдағы үш күнде қар жауады

0

Қазгидромет Алматыда 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы ауа райы болжамы:

30 қаңтар – Алматыда бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар) жауады. Кей уақытта көктайғақ болады. Кешке тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.
31 қаңтар – бұлтты ауа райы, кей кездері қар жауады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -2...-4°C.
1 ақпан – бұлтты ауа райы, кей кездері қар жауады. Жолдарда көктайғақ сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз -3...-5°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!