“Нысандар құрылысы қатаң бақылауда“: Түркістан облысында тағы бір “Жайлы мектеп“ салынып бітті
Түркістан облысында әлеуметтік нысандар құрылысы басты назарда. Білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Сондай нысандардың бірі 3 гектар жерде орналасқан 600 орындық білім ордасы. Ол "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынып, бүгінде құрылыс аяқталған. Бұдан бөлек оқушылардың игілігі үшін қосымша білім беру орталығы ашылды. Қайтарымсыз грант алған көпбалалы ана мемлекеттің көмегімен пайдалы бастаманы қолға алып жатыр.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Жайлы мектеп" жобасы аясында Түркістан облысында 29 білім ұясы салынып жатыр. Заман талабына сай бірыңғай үлгідегі мектеп Отырар ауданы, Шәуілдір ауылдық округінде де бой көтерді.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына іссапарында жайлы мектептің құрылысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Өңір әкімі жиһаздар сапасынан бөлек, білікті кадрлармен қамту жұмыстары да басты назарда болуы керек екенін айтып өтті.
"Әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда. Ғимараттың, құрал-жабдықтар мен жиһаздардың сапасына қатысты мәселе туындамау керек. Білікті кадрлармен қамту жұмыстары да назарда болсын", – деді Нұралхан Оралбайұлы.
"Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған 600 орындық білім ордасының жалпы алаңы 3 гектар жерде орналасқан. Нысан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қабылдау-өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 115 жұмыс орны құрылмақ.
Сондай-ақ, бүгінде білім сапасын арттыру мақсатында елімізде көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде қосымша білім беру саласын дамытуға бағытталған жобалар да бар. Осындай мүмкіндіктердің арқасында жас кәсіпкерлер өздерінің арман-мақсаттарын жүзеге асырып, қоғамға пайдалы бастамаларды қолға алып жатыр.
Оқушылар игілігі үшін қосымша блім беру орталығын ашқан кәсіпкерлердің бірі – көпбалалы ана Сущенко Наталья. Ол мемлекет қолдауының арқасында қосымша білім беру орталығын ашып, жасөспірімдерге білім беру саласы бойынша қызмет көрсетіп жатыр.
Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны 2024 жылы 1 миллион 476 мың 800 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, кәсіп бастаған. Қазіргі уақытта қосымша білім беру орталығында 18 оқушы білім алып жатыр. Онда оқушылардың таланты мен қабілетін дамытуға мүмкіндік беріледі.
Бұдан бөлек нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. 100-ден астам мектеп жаңғыртудан өткізіледі. Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы пысықталып, алдағы міндеттер талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, 115 мектептің ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ол әрбір құрылыс нысанындағы жұмыстар бақылауда болуы керек екенін және уақтылы әрі талапқа сай тапсырылуын талап етті. Сондай-ақ, құрылысы басталған 50 мектептің қалған 24-інде құрылыс биыл бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, тамызға дейін тапсырылуы керек.
"Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізу туралы тапсырма берген болатын. Мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп енгізілген. Тапсырмаға сәйкес 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Биыл өңірдегі 41 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы облыста бюджет есебінен 50 мектептің құрылысы басталып, 26-сы пайдалануға берілді. Қалған 24 мектептің құрылысын биыл бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіп, тамыз айына дейін аяқтап, тапсыру керек. Одан бөлек, биыл тағы бірнеше мектеп салынады деп күтіліп отыр. Әрбір құрылыс нысанындағы жұмыстар бақылауда болсын. Қадағалаңыздар. Уақтылы әрі талапқа сай тапсырылуы тиіс", – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Түркістан облысы білім басқармасының орынбасары Жандос Нұрпейісовтың айтуынша, облыста жалпы 1082 орта білім беру мекемесінде 554 753 оқушы білім алып жатыр. Өңірдегі мемлекеттік мектептің 791-і типтік, 124-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бүгінде облыста бюджет есебінен 5800 орынды 24 мектеп құрылысына қажеттілік бар. Сондай-ақ 7200 орынды 17 мектептің құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен салу жоспарланып отыр. Жалпы, 2025-2027 жылдар аралығында 12000 орынды 41 мектептің құрылысы жүргізіледі деп күтіледі. Қазіргі уақытта, реновацияған еніп, 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 26 мектептің 3-еуіне "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасымен, 23-іне облыстық бюджет есебінен қаржы қаралған.
Облыстағы 1279 мемлекеттік білім нысанының 43-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған болса, 1 236-сы автономды жылыту қазандықтары арқылы жылытылады. Былтыр облыстағы 107 білім беру мекемесінің жылу жүйесі табиғи газға қосылған. Бұл жұмыстар білім саласынан үнемделген қаржысы есебінен жүргізілді. Осы жылы тағы 100 мектепте осындай жұмыстар жүргізіліп, оларға да үнемделген қаржы жұмсалады деп күтіліп отыр.
Кезекті баяндама жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев өткен жылы өңірде 55 медицина нысаны пайдалануға берілгенін айтып, қазіргі уақытта тозығы жеткен 58 нысанның қажеттілігі анықталып отырғанын жеткізді. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанның мәселесін дайын ғимаратты сатып алу арқылы шешу жоспарлануда. Бірінші кезектегі жаңа құрылысты аса қатты қажет ететін нысандар тізімі қалыптастырылып, іске асырылады. Сонымен қатар биыл 4 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.