«Азаптаушы» полицейлер үш жылға сотталды. Жаза әділ ме?
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысындағы Қошмамбет ауылында азапталған 44 адамның ісі бойынша сот аяқталды. Іс бойынша күдікті деп танылған алты полиция қызметкері шенінен айырылып, әрқайсысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Полицейлер мен олардың туыстары сот үкіміне келіспейді.