ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Супермаркеттер желісі мен кәсіпкерді бопсалаған “блогерлер“ ұсталды

0

ІІМ "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету аясында қоғамдық қызметтің атын жамылып, өздерінің арам пиғылдарын көздейтін "блогерлерді" әшкерелеу бойынша шаралар қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері осындай 20-дан астам деректі анықтап, жолын кесті.

"Көлік полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына теміржол компаниясының қызметкерлері шағымданған. Оларға қоқан-лоққы көрсетіліп, жүйелі түрде бопсалауға ұшыраған. Өзін "блогер" ретінде көрсеткен күдікті жолсеріктердің әртүрлі заңбұзушылықтарын олардан ақша бопсалау мақсатында түсіріп отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 48 миллион теңгеден асты. Ол бопсалаудың 60 эпизоды бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жетісу облысында жедел уәкілдер құрылыс саласындағы кәсіпкерден 10 миллион теңге талап еткен "блогерді" ұстады. Ол тұрғын үй құрылысындағы құқық бұзушылықтар туралы жарияланымдармен қорқытқан. Алматы қаласында сотталған адамнан 10 миллион теңге бопсалады деп күдіктелген "блогерлер" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан бұрын супермаркеттер желісіндегі заңбұзушылықтарды түсіріп, 27 миллион теңге бопсалаған "блогер" құрықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Осыған ұқсас жағдайлар Атырау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. Барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Түркістан облысында "блогерлер" қаралайтын мәліметтерді жариялау туралы қоқан-лоққы жасай отырып, оқу орындарының басшыларынан үлкен көлемде ақша бопсалаған. Сот оларға 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
ІІМ бопсалау жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!