Қорқытып, аңдыған: павлодарлық қыздың соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылатын болды
Павлодарлықтың соңынан қалмаған шетелдік елден шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыз полицияға бұрын бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады.
"Ажырасқаннан кейін ер адам оның соңынан қалмай, аңдуды жалғастырған, оған қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылықпен қорқытқан. Тәртіп сақшылары шетелдіктің ҚР аумағында болу мерзімін бұзғанын анықтады. Ол ұсталды, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және кейіннен өз елінің елшілігінде одан әрі құжаттау үшін қабылдағыш-таратқышқа орналастырылды. Ол енді елден шығару жайлы шешімді күтеді", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, қоқан-лоқы мен аңдуларға байланысты қыз бұрын полицияға жүгінбеген, бәрі шешіледі деп ойлаған.
"Ведомство егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, "102" телефоны арқылы хабарлау, "police 102" мобильді қосымшасын пайдалану немесе Instagram Direct @dp_pavlodar-ға ақпарат жіберу қажет екенін еске салады. "Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!