Қазақстанда полицейлер мен мемқызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін тексеріледі
Парламент Мәжілісінің қарауына "Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы" заң жобасы мен ілеспе құжат келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен азаматтық органдардың қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында адалдыққа тексеру жоспарланып отыр. Құжатта олардың құқықтары мен міндеттері реттеліп, тестілеуді өткізу негіздері мен оның нәтижелері бойынша жауапкершілік шаралары қарастырылған.
"Олардың құқықтары мен міндеттері регламенттеліп, тестілеу тағайындау негіздері және тестілеу нәтижелері бойынша жауапкершілік шаралары қарастырылған", — деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.
Ережеге сәйкес, құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылданар алдында кандидат тестілеуден өтетіні туралы жазбаша түрде хабарланатын болады. Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, бұл шара халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!