ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Жылаған сәбидің даусы шығады“. Мистикаға толы госпитальден репортаж

0

Ғасырлық тарихы бар Алматы қаласының көп ғимараты - түрлі оқиғаның куәгері. Олардың кейбірі уақыт сынына төтеп бере алмай, қазір қаңырап бос тұр. Сондай нысандардың бірі - Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған госпиталь. Бір кездері майдангерлерге қызмет еткен емдеу мекемесі бүгінде тозған, қараусыз күйде тұр. Байырғы тұрғындардың сөзінше, ғимаратта түрлі мистикалық жағдайлар да жиі болып тұрады. Мassaget.kz тілшісі тастанды тарихи ғимаратпен танысып қайтты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

суретте: Госпитальдің кірбересі
Тарихтан тамшыдай
Госпиталь 1967 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін емдеу және оңалту үшін ашылған болатын. Кейін онда Ауғанстан соғысына қатысқандар, Чернобыльдегі АЭС апатын жоюшылар, Семей полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары да емдік шаралар қабылдады. Жыл сайын онда бес жүзден аса ардагер денсаулығын жақсартатын. 2010 жылы ғимарат апат жағдайында деп танылып, жабылып қалды.

суретте: аурухананың артқы бөлігі
Бастапқыда қайта қалпына келтіруге уәде берілген ғимарат әлі күнге дейін қаңыраған күйінде тұр. Бірнеше жылдан бері тонаушылар госпитальдің жарамды жабдықтарын алып кетіп, вандалдар қабырғаларды бояп, кейбіреулер атыс ойындарын ұйымдастыратын алаңға айналдырған.
Үш қабатты ғимараттың қаңқасы қаз қалпында тұр. Алғашында 26 гектар аумақты алып жатқан нысанның қазір 11-і ғана қалған. Аймаққа көз жүгірткен жан аурухананың терезелері мен палата балкондарына қарап, өткен ғасырдың көріністерін елестетеді. Фотографпен бірге ғимаратты аралауды жоғарғы қабаттан бастадық.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.