Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.
Оқиға орнынан кадрҚалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
"Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр", - деп түсіндірді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!