ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Журналист Вадим Борейко өзіне қатысты тараған жалған ақпаратқа байланысты полицияға шағым түсірді

0
Журналист, "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейко Алматының Бостандық аудандық полиция басқармасына шағым түсірді. Бұған әлеуметтік желіде "Борейко әйелін ұрып-соғып, қоғамдық тәртіпті бұзды-мыс" деген жалған ақпараттың тарауы себеп болған. Алматы қалалық полициясы да аталған ақпарат фейк екенін растады. 


"Журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерді жетекшілікке алуға шақырамыз" деп жазылған Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламаында. 


Вадим Борейко өзінің Telegram-арнасында "отбасындағы жанжал" және "өзінің ұсталғаны туралы" туралы фейк Facebook-тағы Alzhan Ismagulov және Роман Уланов есімді қолданушылардың парақшасында пайда болғанын жазды. 


"Улановтың жазбасындағы ["құжат"] фейк екені айқын көрінеді: онда жыл жазылмаған, ал әкімшілік істер сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестрінде тіркелмейді. Мені білетіндер, менің көп жылдардан бері мүлде ішімдік ішпейтінімді біледі" деп жазды Борейко. 




Журналист полицияға түсірген шағымына қосымша ретінде фейк жазбаның скриншоттары мен видеожазбасын да тапсырған. Ол жазба авторларын "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша жауапқа тартуды талап етті. 


Өз кезегінде Alzhan Ismagulov және Роман Уланов есімді қолданушылар Борейконың мәлімдемесінен кейін жазба жариялады. Уланов "комментарий үшін Борейконы белгілегенін" айтса, Ismagulov "түнгі оқиға туралы ақпаратты тәуелсіз екі дереккөзден алғанын" жазды. 



2023 жылдың басында белгісіз біреулер Вадим Борейконың пәтер есігінің сыртқы жағына құрылысқа арналған көбік жағып кеткен. Ізінше онымен бірге жұмыс істейтін бейнеоператор Роман Егоровтың екі автокөлігін біреулер өртеп кеткен. Егоров заңсыз әрекеттің кәсіби қызметіме қатысы бар санайтынын айтқан. Сол жылы күзде Алматы соты журналистерге шабуыл ұйымдастырды (сотталушылардың өзге де журналистерге жасалған шабуылға қатысы бар деп айтылған) деп айыпталған адамдарға шартты жаза бергені хабарланған.  
Журналист Вадим Борейко өзінің YouTube арнасында түрлі сарапшылармен қоғамдық-саяси маңызды тақырыптарды талқылап отырады. Арнаның 700 мыңға жуық жазылушысы бар.