Лос-Анджелестегі өрттен 24 адам қаза тапты. Жалынмен 14 мың өрт сөндіруші күресіп жатыр
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының шетінде болып жатқан өрттен қаза тапқандар 24 адамға жетті. 16 адам жоғалғандар тізімінде. Жергілікті билік қаза тапқандар мен жоғалғандар қатары өсуі мүмкін деп отыр.
Пасифик-Палисейдс және солтүстік-шығыстағы Пасадена қалашығындағы ірі екі өрттің аумағы 153 шаршы шақырымға жетті. Бір аптаның ішінде Пасифик-Палисейдстегі өртенген жердің 11 пайызы, Пасаденадағы өртке оранған жердің 27 пайызы өшірілген.
Жалынмен 14 мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп жатыр, Мексикадан да өрт сөндірушілер келген. Жалынмен күреске 14000 өрт сөндіру машинасы мен 84 ұшақ жұмылдырылған. Лос Анжелес округіндегі өрттен 12 мыңнан астам құрылыс жойылған. Лос-Анджелестің кемінде 153 мың тұрғыны эвакуацияланған.
Орман өрті шығысқа қарай жылжып, қазір Брентвуд және Энсино аудандарына қауіп төндіріп отыр. Сондықтан эвакуация аумағы кеңейген.
Лос-Анджелес аймағындағы өрт 7 қаңтардан бері жалғасып жатыр. Өрт сөндіруді қатты жел мен құрғақ ауа райы қиындатып отыр. Әдетте қарашада Калифорния штатында жаңбырлы маусым басталуы керек еді, бірақ жаңбыр аз түскен. Бұған қоса, өткен жаз өте ыстық болып, шөптердің көбі қураған. Қазір штатта өрт қою күдігімен кемі бір адам ұсталған.