ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Ірі қылмыс: Абай облысында құны 20 миллион теңгеден асатын мефедрон тәркіленді

0

Абай облысында полиция құны 20 миллион теңгеден асатын мефедрон тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай облысында синтетикалық есірткілерге байланысты ең ірі қылмыстардың бірі анықталып, жолы кесілді.

"Семейде полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат – мефедронды тәркіледі. Бұл мөлшер шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады. Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар – 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан", - делінген хабарламада.

Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!