ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Тоқаев білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, құжаттағы жаңа нормалардың бірі – балаларды отбасына орналастырудың жаңа формасының енгізілуі. Білім вице-министрі Еділ Оспанның түсіндіруінше, егер бала ата-анасыз қалса, ол бірден интернаттан бұрын, қамқоршы отбасына жіберіледі. Әр балаға сапалы қамқорлық көрсету үшін бір отбасында төрт баладан аспауы тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!