ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қазақстандықтар болды ма?

0

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы Муан қаласының әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуекомпаниясының ұшағында болды ма? Бұл сұраққа Қазақстанның Сыртқы істер министрліг өкілі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, алдын ала мәліметтер бойынша ұшақ бортында қазақстандықтар болған жоқ.

"Жергілікті биліктің алдын ала деректері бойынша Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07-де) болды. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды, олар Бангкоктен оралған.
Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай зақымданды, өрт шықты. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы және Таиландтың 2 азаматы болғаны анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес лайнер қону кезінде құстармен соқтығысқан. Сондай-ақ, құтқарылған екі адамнан басқалары қаза тапқан болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!