ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Жаңажылдық мерекеде артық салмақ қосып алмау үшін не істеу керек?

0

Жаңажылдық мерекеде және одан кейінгі демалыстарда көп адам жақындарымен кездеседі, қонақ шақырады және қонаққа барады. Әдетте адамдар мерекеде дастарқанды мол етіп дайындайды. Бұл салмақ қосуға әкелуі мүмкін. Оған жол бермеу үшін қандай ережелерді сақтау керек? Диетолог Оксана Михалева бірнеше ұсыныс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия"-ға сілтеме жасап.
Маманның бірінші кеңесі - көп тамақ дайындамау. Бұл артық тамақтанудың алдын алады және улану қаупін азайтады. Себебі үй иесін ренжітіп алмас үшін тамақты тауысып қою дұрыс деп саналады. "Жаманнан жарты қасық ас қалады" деген де сөз бар. Сондықтан алдын ала бірнеше күнге жоспарлап, тамақты көп дайындап қоюдың қажеті жоқ. Бұл ысырапшылдықты болдырмайды және денсаулықты сақтайды.

"Негізінде отбасыға жететіндей ғана тамақ дайындау керек. Бұл мерекелік ас болуы мүмкін, бірақ майлы емес түрін таңдаған дұрыс. Сондай-ақ көкөністер мен жемістерді көбейтіп, калориясы аз сусындарды ұсынған жөн", - дейді Михалева.

Екінші кеңес - алкоголь мөлшерін азайту. Ол жалпы ағзаға зиян, сондай-ақ алкоголь - өте калориялы өнім. Сонымен қатар алкоголь тәбетті арттырады, сол үшін артық тамақтану қаупі бар.
Үшінші кеңес - күніне үш рет тамақтанатын үйреншікті тамақтану режимін сақтау. Тамақ порциясы стандартты болып қалуы керек. Сондай-ақ маман дастарқан басында ұзақ отырмауға кеңес берді.

"Артық салмақ қосып алмас үшін физикалық белсенді болу маңызды. Бұл міндетті түрде залда жаттығу керек деген сөз емес. Далаға серуендеп келіңіз, коньки тебуге барыңыз және т.б. Бастысы, мерекелік демалыстың барлық күнінде үйде дастарқан басында отыра бермеңіз", - деп ескертті диетолог.