ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан қалаларының бірінде ішімдікке тыйым салынуы мүмкін

0

Қазақстанның қалаларының бірінде алкогольді ішімдіктерді сату мен тұтынуға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мәжілісте Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын талқылау барысында белгілі болды.
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістан қаласы рухани астана болып танылған соң, алкогольге тыйым салуға бола ма деп сұрады.

"Осы заң аясында Түркістан - рухани астанамыз, Түркістан - арақсыз қала деп Түркістанда арақ ішуге, сатуға, арақ ішіп, ләйліп көшеде жүруге тыйым салсақ?! Өйткені рухани астана деп отырмыз, бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек. Ол жерде бабаларымыз, әулие, батыр, билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде азаматтарымыз арақ ішіп, алдынан шығатын болса, ұят қой. Осы заңның аясында арақсыз қала, рухани қала деп араққа тыйым салуға бола ма?" - деді Назаров.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев депутаттың сауалына жауап берді.

"...Түркістан негізгі басымдық бағытында рухани-мәдени бағытпен қатар, туристік бағыттағы қала ретінде де бекітіліп отыр. Соған сәйкес бизнес қауымдастықтың өкілдері тарапынан осы мәселеге түрлі көзқарас туындады. Бұл мәселе орынды. Алдағы уақытта заң нормалары аясында қарастыру қажет деп санаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!