Сирияда Асад билігіне қарсы соғысқан жүздеген өзбек кім?
Бұл күндері Сирияда болып жатқан оқиғалар жөнінде әлеуметтік желіде түрлі фото-видеолар жариялап жүрген оннан астам қарулы адам ол жаққа Өзбекстаннан барғанын айтады. Бұл адамдар "Кәтиба Таухид уәл-Жихад" деп аталатын, негізінен өзбек ұлты өкілдерінен құралған топтың мүшелері болуы мүмкін. Ташкент Сирияда соғысып жүрген адамдарға қатысты әзірге екі қылмыстық іс ашқан.